• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыруға бағытталған семинар өтті

Астанада жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыруға бағытталған семинар өтті

2 Сәуір, 2015 10:11
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде «Жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Семинар жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп қатарына жатқызып, мемлекет пен қоғамның осы жағымсыз құбылыспен күресте күш біріктіруін көздейді.    

Семинар қатысушылары бұл мәселеде мүдделілік танытқанын атап өту керек: жиын барысында ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөнінде қызу ой-пікір алмасылды. Семинар қатысушылары құзырлы мемлекеттік органның құқықтық сауаттылықты, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, қоғамда жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмысына қолдау білдірді. 

Барлық жаңалықтар