• Басты
  • Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы мектеп-интернаты республикалық олимпиадада үздік атанды

Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы мектеп-интернаты республикалық олимпиадада үздік атанды

2 Сәуір, 2015 09:53
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің бұйрығына сәйкес ғылыми-математикалық кезең (13-18 наурыз Орал қ.) мен гуманитарлық кезең пәндері (23-29 наурыз Атырау қ.) бойынша республикалық олимпиада өткізілді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

«Алдын ала үш кезеңде болып, оған мектеп, аудан және облыстардан қатысып, ендігі кезде олимпиаданың төртінші қорытынды кезеңі болды.Олимпиаданың басты мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдету, өзін-өзі іске асыруға ықпал ету, дарынды балаларды анықтау мақсатында олардың жағдайын жасау, іріктеу және халықаралық олимпиадаға қатысу ушін студенттерді дайындау», - делінген хабарламада.

Ғылыми-математикалық пән бойынша қорытынды кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 704 мектеп оқушылары қатысты. І дәрежели дипломмен 48 мектеп оқушысы марапатталды, ІІ дәрежемен – 97 мектеп оқушысы, ІІІ дәрежемен – 168 мектеп оқушысы.

«Үздік олимпиадалық команда» номенациясыменРеспубликалық мамандандырылған  О.Жәутіков атындағы физика-математикалық орта мектеп-интернатының командасы марапатталды. Командалық есепте 1 орынды Астана және Алматы қалалары, Жамбыл облысының командалары иеленді, 2 орынды Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының командалары, 3 орынды – Қарағанды, Ақтөбе облыстарының командалары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру командасы өз қоржындарына салды.

«Физика» пәнінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауылының 11 сынып оқушысы Нұрғали Асылханға «Үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша сертификат берілді. Павлодар облысының «Жас Дарын» арнайы мектебінің 8 сынып оқушысы Мохаммед- Әлі Әмір математика пәні бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

Республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша 551 оқушысы қатысты. Командалық есеп бойынша 1 орынды Астана және Алматы қалалары, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары, 2-орынды Жамбыл, БатысҚазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары, 3-орынды Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары иеленді. «Қазақ мектебіндегі орыс тілі» пәнінен Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының лингвистикалық мектебінің 11 сынып оқушысы Шуақбаев Әділет «Үздік ауыл қатысуышысы» номинациясы бойынша мақтау қағазына ие болды. 

Ағымдағы жылы мектепті тәмәмдайтын олимпиада жеңімпаздарына Қазақстандық ЖОО-н арнайы сыйлық берілді. Осылайша, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті Атыраудан Д. Қайырболатов пен Батыс Қазақстан Облысынан   Т. Өтепбергеновке екі оқу грантын табыс етті. Сонымен қатар, Қазақ-Британ Техникалық университеті Алматының екі оқушысы А. Исмаилов пен Д. Құрмантаевты екі оқу грантымен марапаттады. Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университеті  24 мектеп оқушыларына оқу гранттарын табыстады. 

Барлық жаңалықтар