- Басты
- Жаңалықтар
- Шалғай орналасқан аймақтардың 1,5 мыңнан астам тұрғыны ауылдан шықпай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу жөнінде кеңестер алды
Шалғай орналасқан аймақтардың 1,5 мыңнан астам тұрғыны ауылдан шықпай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу жөнінде кеңестер алды
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жоғарыда аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Ұйымдастырылған жұмыстың қорытындысы бойынша 1553 жүгінген азаматтардың 990-ы әртүрлі әлеуметтік төлемдерді ресімдеу мәселелері бойынша кеңес алды, 452 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 111 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарын тапсырды.
Ағымдағы жылғы 16 және 31 наурыз аралығында жұмылдыру топтарымен еліміздің барлық өңірлерінде 371 шалғай орналасқан ауылдық округ, оның ішінде қосымша 6 ауылдық округ жоспардан тыс қамтылды.
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, үәкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 99 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік күәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі шыққан кездерінде жеткізілетін болады.
Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін ұзартылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 1 млн. 191,8 мың немесе 15,4% ауылдық жерлерде тұрады, ол жерлерде ХҚКО-ның бөлімшелері және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтар жоқ.
Алдында хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады