Алматы облысында жер қатынасының мәселелері талқыланды

2 Сәуір, 2015 09:29
Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен алқа мәжілісі өтті. Онда жерге орналастыру саласы қызметінің 2014 жылғы жұмысының қорытындылары және 2015 жылдың міндеттері туралы мәселе қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталған мәселеге қатысты облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Жолан Омаров баяндама жасады. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген ревизия және түгендеу жұмыстарының қорытындысында пайдаланылмай жатқан 233,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 16,8 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 2,3 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті, 65,2 мың га жер иесіз мүлік ретінде тіркеліп, 22,9 мың га жердің материалдары сот қарауына, 126,5 мың га жердің материалдары жер иснпекциясының қарауына жолданған.

Сол сияқты, басқарма басшысының баяндамасына облыстағы іргелі жобалар - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Өскемен», «Ақбұлақ-Бірлік-Талғар» автомобиль жолдарының, «Алматы-Талдықорған» газ құбырының құрылысына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару ісіндегі атқарылған шаралар мен кемшіліктер, жердің нысаналы мақсатын өзгертудің заңдылығын сақтау, аудан-қалалардың пайдаланылмай жатқан жерлер туралы ақпаратты шынайы беруі туралы мәселелер де арқау болды.    

Барлық жаңалықтар