• Главная
  • А.Сәрінжіпов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
1 апреля, 2015 18:53

А.Сәрінжіпов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Нұр Отан» партиясынның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың қабылдауын өткізді, деп хабарлады ведомство.
А.Сәрінжіпов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Азаматтардың өтініш сұрақтары салаға байланысты және жалпы болып келді. Олар жоғары оқу орындарының іс-әрекеттері, магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін гранттар беру тәртібі, жұмыспен қамту және басқа да сұрақтар.

Конференц-желілері бойынша PhD дәрежесі иегерлірінің құқықтық мәртебесі туралы сұрақ Алматы қаласынан қабылданды. Білім беру ведомствоның басшысы азаматтардың барлық өтініштерін қабылдады, және олардың шешімдерінің нәтижелері өтініш білдірушілерге белгіленген мерзімде хабарланатын болады.

Мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдау тәжірибесі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралы ретінде келіп, мемлекеттік аппараттың жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз етеді және азаматтардың тарапынан мемлекетке деген сенімдерін арттырады.