• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның квазимемлекеттік секторында меритократия принциптері енгізіледі

Қазақстанның квазимемлекеттік секторында меритократия принциптері енгізіледі

1 Сәуір, 2015 18:36
Қазақстанның квазимемлекеттік секторында меритократия принциптері енгізіледі, дем мәлімдеді бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Квазимемлекеттік секторға меритократия принциптерін енгізу маңызды мәселе болып табылады. Осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында «Акционерлік қоғамдар туралы» сондай-ақ өзге де заңнамалар мен Еңбек кодексіне талдау жүргізе отырып,  әкімшілік мемлекеттік қызмет саласындағы талаптарды квазимемлекеттік сокторға да енгізуге болады. Яғни квазимемлекеттік сектор да меритократия талаптарына сәйкес, ашық әрі жариялы түрде дамиды»,-деді ол.

Агенттік өкілінің сөзінше, бүгінгі таңда елімізде ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының төрағалығымен жұмыс тобы жасақталуда, оған министрліктер мен квазимемлекеттік секторға жататын негізгі компаниялардың, мемлекеттік қатысуымен жұмыс істеп жатқан холдингтер мен акционерлік қоғамдардың  өкілдері кіреді.  

«Квазимемлекеттік сектор субьектілері аппаратын кәсібилендіру, кадрлық үдерістердің ашықтығы осы саладағы бизнес-үдерістердің жариялылығын қамтамасыз етеді. Біз бұл бағыттағы тәжірибемізбен сіздермен бөлісуге дайынбыз және осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелері жақында сіздердің назарларыңызғы ұсынылатын болады»,-деді С.Ахметжанов.

Айта кететін мәселе, меритократия - белгілі бір тұлғаның қоғамдағы рөлін оның біліктілігі мен ерекшеліктері арқылы анықтайтын жүйе. Оған сәйкес, қандай да бір қызметке немесе лауазымға тек болашағы зор талантылар мен біліктілер ғана іріктеп алынады.  

 Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар