Қазақтанның экономикалық өсімі үшін жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді

1 Сәуір, 2015 17:31
Ұлттық қордан еліміздің экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз ету үшін 2015-2017 жылдарда 3 миллиард доллардан бөлінетін болады, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қордан еліміздің экономикалық өсімін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2015-2017 жылдар аралығында жыл сайын 3 миллиард АҚШ долларынан бөлініп тұрады. Индустриалды инфрақұрылымды дамыту көлік, коммуникация, тұрғын-үй коммуналдық, энергетикалық аймақтардың да өсімін қажет етіп отыр»,-деді М.Пшембаев.

Мәжіліс депутатының хабарлауынша, Үкіметке арнайы экономикалық аймақтарды нақты жобалармен қамту жөнінде тапсырма берілді. «Қазіргі таңда шағын және орта бизнес өндірісін ұйымдастыру үшін индустриалды аймақтар құру мәселесі пысықталуда»,-деді депутат.    

 

Барлық жаңалықтар