- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Семей кәсіпкерлері, ардагерлер мен цемент зауытының қызметкерлерімен кездесті
Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Семей кәсіпкерлері, ардагерлер мен цемент зауытының қызметкерлерімен кездесті
Делегация құрамында - Республикалық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев және басқалар болды.
Абай атындағы кітапханадағы кездесу кезінде Семей тұрғындарының Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипатпен қарайтыны атап өтілді. Өйткені, ол Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тоқтау салды.
«Ядролық полигонды жаба отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлемге ол үшін ең бастысы: туған халқының өмірі, денсаулығы, мақсат-мұраттары мен болашағы екенін көрсетті. Осы ұлы қадамы үшін семейліктер бүкіл әлемде ядролық қаруға қарсы қозғалыстың танылған көшбасшысы біздің Елбасымызға президенттік сайлауда шын жүректен қолдау көрсететініне сенімдімін», - деп атап көрсетті Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бизнестің жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа қарсы тұруына мүмкіндік береді, ал бес институциональдық реформалар орта таптың одан әрі жедел қарқынмен қалыптасуына жағдай туғызады», - деді.
Семей активі алдында сөз сөйлеген Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің басты патриоты деп атады. «Сондықтан республикамыздың барлық патриоттары Елбасына дауыс береді», - деп мәлімдеді Ғ. Қасымов.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда шағын және орта бизнес дамып, кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалғандығын айтты.
«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлемдік көшбасшы елдер қатарына қосқан кемеңгер қайраткер екеніне тоқталып өтті.
Семей тұрғындары шығыс өңірді қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдырғаны үшін, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары, озық кәсіпорындар құрылып, заманауи тұрғын үй кешендері мен сапалы жолдар салынып жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен алғыстарын жеткізді.
Атап айтқанда, 2014 жылдың өзінде ғана өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 8 пайызға жуық артты, Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 бірдей жоба іске асырылды, соның арқасында 600 жұмыс орны құрылды. Барлығы өткен жылы Семейде 6500 адам жұмыспен қамтылды.
Кездесу кезінде кәсіпкерлер Мемлекет басшысы тарапынан тұрақты қолдаудың арқасында өңірде машина жасау өндірісі қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Бір жылдың ішінде тракторлар, автобустар және автомобильдер өндірісінің көлемі екі есе өсті. Бұл салада 12 пайыздан астам өсім байқалды.
Семей тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды күшті, тәуелсіз және гүлденген мемлекетке айналдырғанын мәлімдеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады