- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкімет басшысы отандық агробизнесті мемлекеттік қолдауды барынша пайдалануға шақырды
ҚР Үкімет басшысы отандық агробизнесті мемлекеттік қолдауды барынша пайдалануға шақырды
С.Ахметов АӨК қызметі барысындағы ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеудің, сапалы, қолжетімді және бәсекеге қаблетті азық-түлік өнімдерінің басымдыққа ие екеніне тоқтала келе, Мемлекет басшысының ішкі нарықты 80%-дан кем емес отандық өнім есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету және жаңа экспорттық рыноктарды игеру бойынша тапсырмасының көкейкесті міндет екенін атап көрсетті.
Бұл саладағы жағдай туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Қайта өңдеу саласын дамытуға ықпал ететін, негізгі факторларды айта келе, министр ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің республикалық өнеркәсіп өндірісінің 5%-ын және қайта өңдеу өндірісінің 16%-ын құрайтынын атап өтті.
ҚР статистикасының тамақ және қайта өңдеу өндірісі сферасындағы деректері бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 1 370 болса, оның 60-қа жуығын ірі кәсіпорындар құрайды. Сонымен қатар, министрдің сөзіне қарағанда, «тамақ өнімдері өндірісі құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу, сүт, нан және нан өнімдері, жеміс-жидек, май өнімдері, етті қайта өңдеу салалары алады».
Тұтастай алғанда, «ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 2012 жылы 830 млрд теңгені немесе 5,5 млрд долларды құрады.
«2013 жылы Кедендік одақ шеңберіндегі тауар айналымында оң беталыс байқалды. 7 айда экспорт 72%-ға, импорт 2%- ға артты»,-деді А.Мамытбеков. Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделген негізгі түрлері бойынша тұтыну құрылымындағы отандық өндірістің үлесі 80%-дан артық екенін атап өтті.
Қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың басты мақсаты ретінде өндірістің өзіндік құнын азайту, өндірілген өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекеге қаблеттілігін арттыруды атаған ол, саланың бәсекеге қаблеттілігін көтеру бойынша міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, ол міндеттер шикізатпен қамтамасыз ету, жоғарғы технологиялық өндірістер енгізу, дайын өнімді өткізу болмақ.
Қайта өңдеу өнеркәсібінің басымдықты бағыттары қатарында сүт, ет, жеміс-жидек, көкөніс, макарондық және крупа бұйымдарының майлы дақылдары, қант, теріні бастапқы өңдеу сияқты қайта өңдеу түрлері анықталды. Осынау жеті бағыт қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша Шеберлік жоспарына енгізіліп, шараның бірыңғай Кешенді жоспары құрылды. Соңғы құжат жақында Үкіметтің бекітуіне енгізілетін болады.
Бұл тақырып бойынша, сондай-ақ Қазақстан сүт одағының тең төрағасы А.Кузлякиннің, «Маслодел» компаниясы» ЖШС директоры П.Селивановтың, Алматы облысындағы Есік жеміс-жидек зауытының директоры Е,Айдарбаевтың, «Семей ет комбинаты» ЖШС директоры Б.Жаманғариновтың, сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетовтың, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтің есептері тыңдалды.
Отырысты қортындылай келіп, Үкімет басшысы қайта өңдеу саласын дамытудың негізгі бағыттары «Агробизнес-2020» бағдарламасында анықталғанын атап көрсетті. Оның шеңберінде 2020 жылға дейін қайта өңдеу саласын қолдау мен дамытуға 130 миллиардтан астам теңге қарастырылған, деді ол.
«Нақты мемлекеттік қолдау шаралары және жыл сайынғы қажетті қаржы көлемі салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Шеберлік жоспарында жете жазылып көрсетілген», деген С.Ахметов салааралық үйлестіру мәселелері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде шешілуі тиіс екеніне тоқталды.
«Үкімет қаржыландыруды қоса айтқанда, барлық қажетті шешімдерді қабылдады», дей келе С.Ахметов «АШМ өңірлер әкімдерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бүгінгі ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып тиісті жоспарларды толықтырып, оны өңірлердің Кешенді жоспарларымен үйлестіріп және қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс»,-деп атап көрсетті. Үкімет басшысы сондай-ақ шикізаттты қайта өңдеушілерге салық салу мәселелерін қайта қарауды тапсырды.
«Интеграция жағдайында біздің тауарлардың бәсекеге қаблеттілігін арттыру - мемлекеттің ғана емес, бизнестің өзінің де міндеті» екеніне тоқталған Премьер-Министр «ауылдағы бизнесті, агробизнесті жұмылдырып, мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға» шақырды.
«Күшті қайта өңдеу жұмысы болса, күшті өнімді өткізу тетігі болса, ол тұтастай алғанда, негізгі ауыл шаруашылығы өндірісін өрге сүйрейді», деп сөзін түйіндей келе Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың ауыл шаруашылығының жаңғыру жолымен жүруіне мүмкіндік беретін тағы бір өсім қадамы ретіндегі маңыздылығын атап көрсетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары