М. Пшембаев: Машина жасау ИИДМБ-ның 2015-2019 жылдардағы драйвері болады

1 Сәуір, 2015 16:07
2015-2019 жылдардағы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы драйвер машинақұрылысы болады, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-ның аясында  4 басым бағыт таңдап алынды. Олар: химия,  мұнай химиясы, машинақұрылысы, құрылыс, материалдар шығару, азық-түлік өндірісі. Аталмыш өндірістер 14 секторға бөлініп, оның ішінде машинақұрылысы саласында 6 сектор қалды. Олар: автокөлік құралдарын шығару, электрлік машиналар мен электр құрылғыларын шығару, ауыл шаруашылығы машинақұрылысы, таулы-металургиялық өнеркәсіп пен мұнайгаз құрылғыларын шығару»,-деді М.Пшембаев.

Оның сөзінше, ИИДМБ аясында машинақұрылысы өзге салалардың арасындағы драйвер болып отыр.   

«Алғашқы бесжылдықтің қорытындысы бойынша, машинақұрылысы өндірісінің көлемі 280 миллиард теңге болса, 2014 жылдың қорытындысы бойынша біз 870 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 3,5 есеге жетті»,-деді халық қалаулысы.

Айта кететін мәселе, Қазақстанда машинақұрылысының темір жол машинақұрылысы, электровоз, тепловоз, вагон, жолаушылар және жүк вагондарын шығару сияқты жаңа салалары құрылды.  

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар