- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да АӨК-ні дамыту бойынша 154 жоба жүзеге асырылды
ШҚО-да АӨК-ні дамыту бойынша 154 жоба жүзеге асырылды
«Жалпы алғанда облыс бойынша, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін құны 9,3 миллиард теңге болатын 154 ірі және шағын жобалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар да жандандырыла түсті. 2014 жылы «ҚазАгро» желісі бойынша 6,1 миллиард теңгенің 68 жобасы іске қосылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп. Сондай-ақ өткен жылы инвестициялар көлемі де алдындағы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артты»,-деді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов.
Облыста 49 басқа арналған 285 бордақылау алаңының жұмыс істеп тұрғандығын айта кету керек. Олардың 9-ы өткен жылы ғана салынды. Сүт өндіруді молайту 2014 жылы «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының тауарлы-сүт фермасы қаййта жөндеуден өтіп, Ұлан ауданында 400 басқа арналған 1, 100 басқа арналған 2 тауарлы-сүт фермасы салынды. Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 13 мың қой мен 1,5 мың жылқы сатып алды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері