- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Мажарстан экономиканың әр саласында ынтымақтастық орнатуға келісті
Қазақстан мен Мажарстан экономиканың әр саласында ынтымақтастық орнатуға келісті
«Бүгiнгi келiссөздердiң дәстүрлі саяси диалогтан өзгеше өткенiмен келiсемiн. Бүгiн ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен Премьер-министр Виктор Орбанның кездесуi барысында және үкiметаралық кездесулер нәтижесiнде өзара әрекеттестiк өте жоғары деңгейде жасалды деген ойдамын. Бiздiң елдерiмiздің ынтымақтастығына сеп болар ортақ мәселелер өте көп.Бүгiн болашақта жемiсiн көретiн iстер қолға алынды. Бұл жұмысымыздың нәтижесiне жақын уақытта көз жеткiзетiнiмiзге сенiмдiмiн», - дейдi К.Мәсiмов.
Қазақстан мен Мажарстанның ерекше географиялық орналасуы мен халықаралық ұйымдардағы орны «стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық жүргізуде біздің елдерімізге қолғабыс болады», - деді Қазақстанның Үкімет басшысы.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесін құру туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.Бұдан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы мен Мажарстан Әділет министрлігі арасында екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты бекітті.
Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасында кәсіптік-техникалық білім беру және даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды