• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО аясындағы мұнай, мұнай өнімдері мен газдың индикативті балансына қатысты келісімнің жобасын мақұлдады

ЕЭК ЕАЭО аясындағы мұнай, мұнай өнімдері мен газдың индикативті балансына қатысты келісімнің жобасын мақұлдады

1 Сәуір, 2015 19:47
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәжілісінде энергетика, макроэкономика, экономика және қаржы саясаты мен саудаға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Нақтырақ айтқанда, онда Еуразиялық экономикалық одақтың аясында осы одақтың келісімінің 80-104 баптарын жүзеге асыру мақсатында дайындалған, мұнай, мұнай өнімдері мен газдың индикативті (жоба) балансын қалыптастырудың  әдістемелігі туралы келісімнің жобасын мақұлдады.

«Келісімнің іске қосылуы Одаққа мүше мемлекеттердің бірыңғай әдістеме негізінде ұлттық энергоресурстар балансын дайындап, одақтың болжамдық балансын  қалыптастыруға ықпал етеді. Өз кезегінде ол Одақ елдерінің теңдестірілген ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыруға жол ашып, энергоресурстардың мемлекетаралық тасымалын кеңейтіп, оңтайландырады және Еуропалық экономикалық комиссияға мүше елдердің  өзара ынтымақтастығын нығайтады», -деді Еуропалық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі Таир Мансұров.  

Еуропалық экономикалық комиссия өкілдерінің атап өтулерінше, келісімнің жобасы биылғы жылдың 1-мамырына дейін мемлекетаралық келісімге жіберіледі. Құжат өкілетті органдар тарапынан 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін бекітілуі керек.

 

 

Барлық жаңалықтар