- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жасөспірімдерді әскери учаскелерге тіркеу аяқталды
Қазақстанда жасөспірімдерді әскери учаскелерге тіркеу аяқталды
Осы уақыт аралығында Қазақстан бойынша «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне 100 000-ға жуық адам тіркелді. Бұл іс-шараны тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) арқылы жергілікті атқарушы органдары өткізді.
«Тіркеу науқаны аясында азаматтар әскери есепке алынып, алдағы уақытта әскер қатарына шақырылушылардың саны анықталады. Сонымен қатар жастардың білімі, мамандығы, дене даярлығына қарай отырып, әскери қызметке жарамдылығы белгілі болады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтіп, емделуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастар емдеу-сауықтырудан өтеді», - делінген хабарламада.
Денсаулық жағдайы және басқа да мәліметтер бойынша жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында оқу ұсынылды. Бұл жерде балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көп балалы отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылары ерекше назарда болмақ.
Тіркеу науқаны кезінде жасөспірімдермен сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп, олар Қарулы Күштердің дамуы, әскери қызметтің жетістіктері, қазақстандық армияның халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы, бітімгерлік операциялары туралы қажетті ақпараттардан хабардар болады. Айта кетейік, 2015 жылғы әскерге шақырушылар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңындаОтан қорғаушылар қатарын толықтырады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды