• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру тәулігіне 60 мың баррельді құрады - С. Мыңбаев

Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру тәулігіне 60 мың баррельді құрады - С. Мыңбаев

8 Қазан, 2013 10:00
Солтүстік Каспий Қашаған ірі кен орнындағы мұнай өндірісі күніне 60 мың баррельге жетті. Бұл туралы «Болашақ энергиясы еуразиялық перспективалар» Kazenergy VIII Еуразия форумында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрі ресми сайты.

«Қашаған кен орнында алғашқы мұнай шығарылған. Бүгінгі таңда тәулігіне шамамен 60 мың баррель», - деді С.Мыңбаев.

Сонымен қатар, ол 2025 жылға қарай Қазақстанда жыл сайынғы мұнай және конденсат шығаруды 108 млн тоннаға дейін арттыру күтілуде, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 29 млн тоннаға артық.

«Әрине, бұл болжам бірқатар жобаларды жүзеге асыру мерзімінің шарттарына байланысты, нақты айтқанда Теңізді кеңейтуге, Қарашығанақтың үшінші сатысына, Қашағанның екінші сатысына байланысты», - деп атап өтті ұлттық компания басшысы.

С.Мыңбаевтың мәліметінше, таяу онжылдықта «ҚазМұнайГаз» АҚ мұнай мен конденсаттың шоғырланған өндірісін 21-ден 35-36-ға дейін арттыру жоспарланған. Осылайша,оның айтуынша, аталған көрсеткіш елімізде шығарылатын барлық мұнайдың үштен бір бөлігінің баламасы болады.

 

Барлық жаңалықтар