- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметке орналасу талаптарының құрамына магистратура немесе шетелде білім алу туралы құжаттың болуы енеді
Мемлекеттік қызметке орналасу талаптарының құрамына магистратура немесе шетелде білім алу туралы құжаттың болуы енеді
«Қазiргi уақытта оның жұмыс өтiлi мен жоғары бiлiмнiң болуы талап етiледi. Бiрақ мемлекеттiк қызметте жұмыс түрi әр түрлi келедi. Бiр жұмыс аналитикалық, яғни байыптылықты, бiр орында отыруды, құжаттармен жұмыс iстеудi талап етсе, екiншi бiрi ұйымдастырушылық қасиеттердi қажет етедi. Үшiншiсi халықпен жұмыс iстеудi, оларға кеңестер беруге негiзделедi. Соған байланысты қызметкерлерден түрлi машықтар, ептiлiк пен икемдер қажет болады. Сондықтан бiз мемлекеттiк қызметтегi барлық лауазымдарға функционалдық шолу жасаудамыз», - дедi ол.
Оның айтуынша, үміткердің магистрлік дәрежесі де осындай талаптар қатарынан табылмақ. Соған қарап, мемқызметкерлер құзырының профилi әзірленіп жатыр. Яғни мемлекеттік қызметке қажеттi машық, икем мен қасиеттердiң тiзiмi жасалады. Соған орай, бiз мемлекеттiк қызметке түсерде осы талаптарды бiлiктiлiк талаптарына енгiзіледі.
Тағы бір айта кетерлік жайт, талаптар қатарына магистратура, соның ішінде шетелдік магистратура деңгейі енгізілмек. Немесе, үміткердің білімі толықтай шетелдік білім болуы керек деген талап та болады.
«Қазір мемлекеттік қызметкерлер шетелдік әріптестерімен, шетелдік мемлекеттік органдармен көп жұмыс істейді. Сондықтан, әртүрлі келіссөздер барысында, қандай да бір шешім қабылданарда, үкіметтік құжаттарды дайындағанда біздің мемлекеттік қызметкерлердің білімі бәсекеге қабілетті болу керек. Сондықтан, біз лауазымдардың жекелеген түрлері үшін талапты күшейтпекпіз»,-деп түсіндірді Д.Жаненова.
Индира Қауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары