Қазақстанда мемқызметкерлерге арналған мансап картасы әзірленеді

1 Сәуір, 2015 13:05
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған мансап картасы әзірленеді, деді ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы аясында Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің сыйбайлас жемқорлықты анықтау және талдау басқармасының жетекшісі Динара Жәненова.

«Біз таланттар құрамына енген әрбір мемқызметкер үшін мансаптық карта дайындауды жөн көріп отырмыз, олар 2-3 қызмет лауазымына байланысты дайындалады, оның ішінде жақын 3-5 жыл ішінде көтерілгісі келетін адамдарға  тағылымдама мен ротациялар дайындалады», - деді Д.Жәненова.

Басқарма жетекшісі айтып өткендей, мансап картасын дайындау – шетелде қолданылатын тәжірибе, ол кез келген кандидаттың мемлекеттік қызметке келген кезінде дайын болады. «Оның бойындағы ең үздік дамыған қасиеттерді айқындайды. Осы қасиеттерін дамыта  отырып ол мансаптық баспалдақпен өрлеуі мүмкін. Мәселен, 3 жылдан соң басқарма жетекшісі бола алады, ал белгілі уақыттан кейін департамент директоры болуы да әбден ықтимал», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл құжат қызметкерге ешқандай заңсыз кадрлық шешім қабылданбайтындығы туралы сенімділік ұялатады.

Айта кетерлігі, мансап картасы мен оның пішінінің әзірленуі мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгеннен соң дайындалады. «Жалпы, заңда мансаптық жоспарлау деген ұғым қалыптасқан, халықаралық тәжірибемен олардың дайын әзірлемелері де бар», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар