- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Астанада Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері, соның ішінде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы, көпжақты институттар шеңберінде ықпалдастығы және қазақстан-словактық екі жақты қатынастар дамуының басымдылықтары талқыланды.
«Сұхбаттастар Орталық Азия тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде Қазақстан үлесін атап өтті. Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық әрекеттер аясында қауіпсіздік, шекараларда ықпалдастықты күшейту, есірткі тасымалы, адам саудасы, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру салаларда ЕО-ның орталықазиялық өңірмен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі аталып өтті. Осы тұрғыда 11 наурызда Душанбеде өткен қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі «ЕО – ОА» диалогының 2-ші отырысы мақұлданды», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
ҚР СІМ басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы сөз қозғап, Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы соңғы 10 жылда 13 есе, ал қазақстандық экономикаға тартылған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе артты деп атап өтті. Қазақстан сауда айналымының және елге тартылған шетел инвестициялардың жартысы еуропалық елдер үлесіне тиесілі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция