- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс бітімгершілік қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс бітімгершілік қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Заң жобасының негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу. Тұрақты комитеттер мен депутаттардан осы заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылауға және мазмұнын жақсартуға бағытталған 100-ден астам ұсыныс пен ескерту түскен.
Сондай-ақ, жалпы отырыста «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» заң жобасы, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қаралып, мәжілісмендер қолдауына ие болды.
Заң жобасы ұлттық заңнама нормаларын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Осы заң жобасы бойынша түскен ұсыныстар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының жеті отырысында және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген екі отырысында талқыланып, 100-ден астам ұсыныс есепке алынған.
Осы күні депутаттар мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы еліміздің бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту үшін құқықтық негіздерді бекіту арқылы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталады. Бұл бәсекелестікті дамытуға және тұтастай алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, бүгін халық қалаулылары екі ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды