- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кезектен тыс сайлау тақырыбы жөнінде 10 мыңнан астам материал жариялады – ҚР ОСК
Қазақстанда кезектен тыс сайлау тақырыбы жөнінде 10 мыңнан астам материал жариялады – ҚР ОСК
Мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды.
Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды.
«2015 жылғы 25 ақпаннан 25 наурызға дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тар сайлау тақырыбы жөнінде 10990 материал жариялады.
Республикалық телеарналарда эфирге 1473 сюжет (21 %), газеттерде 731 мақала (10 %), ал интернет-ресурстарда 4850 жарияланым (69 %) орналастарылды», - делінген хабарламада.
Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 3936 материал жарияланды. Олардың ішінде 1582 сюжет (40 %) телеарналар эфиріне шықты, 1637 (42% ) баспа басылымдарында жарияланды және 717 (18 %) материал интернет-ресурстарда орналастырылды.
«Ақпараттық белсенділік тұрақты болды, бұл тұрақты өзекті ақпараттық себептердің болуымен түсіндіріледі.Күткендей, БАҚ-тар сайлауды тағайындау процесін жария етуге, Ортсайлаукомның сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің күнтізбелік жоспарын бекітуіне, сондай-ақ кандидаттарды ұсынудың басталуына аса назар бөлді. Бұл тақырыптарға 1200-ге жуық жарияланған материалдар арналған», - делінген хабарламада.
Президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлауалды үгітті жүргізу тәртібі мен шарттары туралы БАҚ-тар 400-ге жуық жарияланған материалдарда баяндады.
«Осылайша, сайлаушыларға сайлау науқанын жүргізу мерзімдері, кезеңдері және барысы туралы толық, рас және объективті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі берілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді