- Басты
- Жаңалықтар
- МСАК ұйымдарында есептік құжаттама нысандарының 4 түрін қағаз жүзінде жүргізу тоқтатылды
МСАК ұйымдарында есептік құжаттама нысандарының 4 түрін қағаз жүзінде жүргізу тоқтатылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарында төмендегі құжаттардың электрондық түрде енгізілуі қарастырылған:
- «Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы» 031/е нысаны;
- «Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы» 039/е нысаны;
- «Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны» 057/е нысаны;
- «Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы» 278/е нысаны.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру қажет емес.
Ауылдық амбулаториялық-емханалық ұйымдар бастапқы есеп нысандарын электрондық түрде жүргізілуіне 2017 жылғы 1 қаңтар айынан бастап көшеді.
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы медициналық ұйымдардың техникалық қамтамасыз етілуі, соңғылардың есебінен жүргізілетінін атап өту керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің а.ж.17 ақпанда өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде Министрліктің басшысы Тамара Дүйсенова, биыл ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін белсенді іс-әрекеттерге кірісетіндігі жөнінде мәлімдегенін естеріңізге саламыз.
Электрондық құжатайналымына көшу есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға және оларға пациентерді қабылдау және қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек -
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Тоқаев: Үкімет күрделі кезеңде тиімді жұмыс жүргізуде -
Дәрігер: Өз бетінше ем шараларын жүргізу қауіпті -
Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеді -
Түркістанда 3 автобекеттің қызметі тоқтатылды