Беларусь елінде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

8 Қазан, 2013 15:55
7-9 қазан аралығында Минскіде Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі.

«7-9 қазан аралығында Минскіде Белорусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы мәдениет күндері өтіп жатыр. Беларусь мемлекеттік академиялық музыкалық театрында Қазақстанның алдыңғы қатарлы өнер майталмандары мен ұжымдарының қатысуымен Беларусь еліндегі Қазақстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті», - делінген хабарламада.

Беларусь еліндегі Қазақстанның мәдениет күндері аясында өткен меркелік шараға ҚР Халық әртісі Р. Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Б. Жанұзақ, А. Трегубенко, Ж. Жарқымбаева, Н. Бекмұхамбетов, «Сазген сазы» фольклорлы этнографиялық ансамблі, «Ұлытау» тобы, «Серпер» домбырашылар ансамблі, «Аққу» би ансамблі және т.б. қатысады.

Айта кету керек, 2014 жылы Қазақстандағы Беларусь Республикасының мәдениет күндері өткізілу жоспарлануда.

 

 

Барлық жаңалықтар