• Басты
  • Жаңалықтар
  • 50-ге жуық қазақстандық әскери қызметші «Мәңгі есімізде» акциясына қатысуда

50-ге жуық қазақстандық әскери қызметші «Мәңгі есімізде» акциясына қатысуда

2 Сәуір, 2015 08:36
Бүгінде «Мәңгі есімізде» акциясына қатысушылардың тізімін құру жалғасып жатыр. Өтініштер еліміздің барлық өңірлерінен келіп түсуде. Қазірдің өзінде акция 50-ге жуық қазақстандық әскери қызметшілерді біріктірді.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, олардың барлығы өз майдангер аталарының туыстары мен жақындарының Ұлы Отан соғысы шайқастарындағы ерліктері жөнінде қызықты тарихымен бөлісуде. Акцияға қатысушылардың бірі – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Қуаныш Төлеубеков үшін ұйымдастырылып отырған және Жеңіс күні әкесі туралы естелік күні болып саналады.

«Менің әкем Зекен Ысқақұлы Төлеубеков 1940 жылы Қызыл армия қатарына әскерге шақырылды. Соғыс басталғанда генерал-майор Александр Радимсевтің басшылығымен Харьков қаласындағы 387-ші атқыштар полкі 13-ші гвардиялық дивизион құрамында болды», - дейді офицер әңгімесінде. Харьков маңындағы қиян-кескі ұрыстан кейін Зекен Төлеубековтың дивизиясы Волга өзенінің сол жағалауына жөнелтілді.

1942 жылдың шілдесінде Сталинградқа өзен арқылы өту тапсырмасын алды. Сол кезеңде мектепті не жоғарғы оқу орындарын жаңа бітірген жас бозбалаларды су жағасында қарсыластың соққысы күтіп тұрды, сонымен қатар алда қаланың орталық бөлігін алу және қорғау, одан әрі Мамаев қорғанына бекіну мақсаты тұрды. «Бұл өте қауіпті сәт еді, қарша бораған оқтар мен снарядтар тура саған ұшып келе жатқандай көрінеді – деп сұрапыл соғысты әкем еске алып отыратын.

Әр үй үшін, әр көше үшін соғыстық. Сол кезде Сталинград қаласын қорғаушылар таңқаларлық қаһармандық мен ерлік көрсетті», - деп әңгімелейді Қуаныш Төлеубеков. Осындай ұрыстардың бірінде 1942 жылдың қараша айында әкем ауыр жараланыпты.

Бірнеше ота жасалғаннан кейін де ол Курск доғасын қорғау үшін жасалған ұрыстарға қатысты, алайда осы шайқаста қайта жарақат алды. 1945 жылдың наурыз айында 2-ші топ мүгедегі деп танылып, туған елі Қарқаралыға оралды. «Әкем қарапайым болатын, соғыс жылдары туралы сирек әңгіме айтатын, тіпті есіне аз алатын. Кейде ол соғыс жайында бірнеше сөздер айтып отырып, үнсіз қалатын, сол кезде көзіне іркіліп жас келетін», - деді әскери қызметші. Зекен Төлеубеков Жеңістің 70 жылдығын көре алмады, бірақ оның ерлігі мен өмірі туралы естелік наградаларында сақталды.

Атап айтқанда, майдангер «Қызыл жұлдыз», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Курск қорғаушыларына» және басқа да медалдармен марапатталған.  


 

Барлық жаңалықтар