• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жетілдіру мәселесі қаралды (ФОТО)

Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жетілдіру мәселесі қаралды (ФОТО)

1 Сәуір, 2015 12:32
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарау академиясында кезекті Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңес өтіп, онда мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жетілдіру мәселесі қаралды.

Аталмыш шараға ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, Президент Әкімшілігінің жауапты мамандары, ҚР Президентінің іс басқармасы, Есеп комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Әділет, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрліктері мен өзге де бірқатар органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кіріспе сөзінде Кеңес төрағасы, академия ректоры Болатбек Әбдірәсілов мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге үйретудің өзекті мәселелерін талқыға салудың, тілге үйретудің мәні мен технологиясы бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастырудың маңызының зор екендігін атап өтті.    

Мемлекеттік басқару академиясының аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығының жетекшісі, профессор Н.Төленбергенова өзінің баяндамасында мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілінде сөйлеуге үйрету мәселелеріне байланысты жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, мемлекеттік тілді үйретуге қатысты жүйеленіп келе жатқан түйткілді мәселелер жөнінде айтты. Сондай-ақ ол академияның мемлекеттік тілді үйрету бағытындағы тәжірибесі жөнінде әңгімелеп, қалың көпшілікке «Ресми қазақ тілі – Официальный казахский язык» атты академия өкілдері тарапынан дайындалған біліктілікті арттыру бағытындағы семинарлар бағдарламасы мен жаңа технологиясын таныстырды.  

«Өз кезегінде бүгінгі жиынға қатысушылар талқыға ұсынылып отырған мәселенің маңыздылығы мен академия тарапынан ұсынылып отырған бірыңғай бағдарламаның қажеттілігін айтты»,-делінген хабарламада.

Жиын еліміздің аймақтарында онлайн режимінде де көрсетілді.

Оның барысында біліктілікті арттыру бағытындағы семинарлардың «Ресми қазақ тілі-Официальный казахский язык» және «ҚР әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадр резервтерімен жұмысты ұйымдастыру» бағдарламаларын бекітіліп, аталмыш құжаттар еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесіне енгізілетін болады.     

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар