• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 10 жылда 63 пайызға артты

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 10 жылда 63 пайызға артты

1 Сәуір, 2015 10:41
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 10 жылда 63 пайызға артты, деді Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петера Сийярто Астанада өтіп жатқан қазақстандық-мажарстандық бизнес-форум барысында.

«Біздің мығым ұстанымымыздың мәні шығыстың нарықтарына мүмкіндігінше көп инвестиция салуға ынталы болып отырған мажарстандық шағын және орта бизнес өкілдерінің санын арттыруда болып отыр. Бүгінгі таңда бізде сыртқы нарықтарда бәсекелесе алатын 2,5 мыңнан 3 мыңға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар.  Жақын болашақта біз олардың санын 12 мыңға дейін жеткізсек па дейміз және Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты бірлескен қимылдар бұл бағыттағы жұмыстарға жақсы үлес қосады деген ойдамыз»,-деді П.Сийярто.

Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрінің өзінің кіріспе сөзінде айтып өткеніндей, соңғы 10 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы айтарлықтай өсіп, 8 миллион долларға, яғни 63 пайызға жетті. Мажарстанның Қазақстанға эскпорты 145 пайыз болды.  

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің ақпараттары бойынша, 2005 жылдан бастап 2014 жылдың 30-қыркүйегіне дейін Мажарстаннан Қазақстанға ағылған тікелей инвестициялардың көлемі 70 миллион АҚШ долларын құрады. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан Мажарстанға кеткен инвестициялар 0,1 миллион АҚШ долларын құрап отыр.   

Камила Амирова

 

 

Барлық жаңалықтар