- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың жаңа маршруттары Астананы Орал, Сеул, Тбилиси және Парижбен байланыстырады – ҚР ИДМ
2015 жылдың жаңа маршруттары Астананы Орал, Сеул, Тбилиси және Парижбен байланыстырады – ҚР ИДМ
Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, жаңа бағыттар «Нұрлы жол» бағдарламасына (көліктік логистиканың сәулелік принципі) сәйкес еліміздің көліктік-логистикалық жүйені жетілдіру аясында ашылуда.
Екі бағыт ашылып үлгерілді.
Айталық, 29 наурызда «Эйр Астана» авиакомпаниясы «Боинг-757» әуе кемесімен Астана – Париж бағытында өзінің алғашқы тікелей рейсін атқарды. Астанадан Парижге беттеген рейсте 71 адам, ал Парижден Астанаға дейінгі рейсте 54 адам болды. Рейстер аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма және жексенбі) атқарылатын болады. Ұшу ұзақтығы – 7 сағат.
Авиамаршруттың ашылуына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бірқыдыру жұмыс атқарды. Өткен жылғы қазан айында Қазақстан және Францияның авиация саласының билік басындағылар келіссөздер жүргізген болатын. Тараптар қазақстандық тасымалдаушылардың тұрақты рейстер атқаруы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қоса, 29 қазанда «Эйр Астана» авиакомпаниясы күн сайынғы Астана – Орал – Астана авиамаршрутын ашты. Рейстер «Эйрбас-320» және «Эмбраер-190» типті әуе кемелерімен атқарылады. Астана – Орал маршрутының алғашқы рейсінде 85 адам, ал кері қайтар Орал – Астана рейсінде 81 жолаушы болды.
Мұның сыртында, биылғы жылғы жазда Астанадан Сеулге және Тбилисиге жаңадан халықаралық бағыттар ашу жоспарлануда. Тасымалдаушы және сол «Эйр Астана» авиакомпаниясы болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау