Ереванда этникаралық келісім бойынша конференция өтті

1 Сәуір, 2015 11:24
Ереванда Қазақстан Республикасының Армениядағы елшілігінің бастамасымен және «Жаһандану және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі талдау орталығының» қолдауымен «Этникаралық келісім – мемлекеттің дамуының кепілі» атты конференция өтті.

Шараға Украина елшісі, Болгария мен Жапониялық дипломаттар, Армения Республикасының Ұлттық Жиналысының депутаттары мен осы елдің Сыртқы істер министрлігінің және грузин-езид, еврей, ассирия және украин ұлттық-мәдени орталықтарының, ғылым мен мәдениет интелегенциясының өкілдері, Ереван университетінің ұстаздары, сондай-ақ саясаттанушы, этнологтар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Модератор және «Жаһандану және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі талдау орталығы» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі - Степан Григорян өзінің алғы сөзінде Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамалары мен 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Саммитіндегі жаппай қырып-жою қаруына қарсы қозғалысы жөнінде айтып берді.   

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітов өзінің кіріспе сөзінде қалың көпшілікті Қазақстанның ұлтаралық, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибесінен хабардар етіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен Астана тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы айтып өтті.

Сондай-ақ ол Армения аймағындағы ежелгі армян-қыпшақ артефактілері мен қолжазбалар қыпшақтар мен армяндардың мыңдаған жылдар бұрын бейбітшілік пен бірлікте өмір сүргендігінің және осы халықтардың діни төзімділігі мен толеранттылығының айғағы екендігін атап өтті.  

  

 

  

Барлық жаңалықтар