• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінде командирлер әскери тәртіп бойынша білімін тексеруде (Фото)

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінде командирлер әскери тәртіп бойынша білімін тексеруде (Фото)

1 Сәуір, 2015 19:31
Алматы облысында 97617 әскери бөлім базасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері рота (батарея) командирлерінің жиыны басталды.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, әскери жиынның мақсаты – түрлі әскери тәртіп бойынша офицерлердің білім деңгейін тексеру, офицерлердің кәсіби дағдыларын тексере отырып жоғарғы лауазымға қою және оқуға жіберу болып табылады. Жиын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік және дене даярлығы бойынша орынбасары полковник Қуаныш Көкпетовтің басшылығымен өтеді.

Оның аясында офицерлер өздерінің кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін көрсете алады. Осыған орай мемлекеттік-құқықтық даярлықтан, атыс, дене, тактикалық, саптық даярлықтардан және басқа да пәндерден сынақтар тапсыру қарастырылған.

Бұдан өзге, олар топография ауқымында өз білімдерін көрсетеді. Офицерлердің нормативтік-құқықтық актілер мен психологиялық тестілеу талаптары бойынша білімдері тексеріледі. Екі күнге созылатынын жиын барысында сынақтар мен емтихандардың қорытындылары бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің үздік рота командирлері анықталады.

Жеңімпаздар ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері рота командирлерінің жиынына қатысатын болады. Әскери қызметшілердің айтуынша, осындай іс-шаралар офицерлердің жауынгерлік біліктілігін арттырып, дағдыларын дамытады және кәсіби даярлау деңгейін жетілдіреді.


 

Барлық жаңалықтар