Маңғыстау облысында ШОБ салық төлемдерінің көлемі 11,4 пайызға ұлғайды

1 Сәуір, 2015 11:57
Маңғыстау облысында жыл басынан бері шағын және орта бизнестің салық төлемдерінің мөлшері 11,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Индира Құрман.

«Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулардың арқасында барлық көрсеткіштер бойынша серпінді даму байқалады: жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 16,5 пайызға көбейіп, шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 пайызға ұлғайды. Бұл халықтың белсенді тобының 34,7 пайызы. Өнім өндіру 9,8 пайызға артса, бюджетке түсетін салық төлемдерінің көлемі 11,4 пайызға көбейіп отыр»,-деп хабарлады И.Құрман.

Сондай-ақ ол сөзінде бизнестің дамуына барлық мүмкіндіктер жасалғандығын, тіпті ауылдық аймақтардың өзінде көп жұмыстар жасалып жатқандығын атап өтті.  

«Осылайша, «Даму» қорының аясында облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды.  «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының аясындағы қолдау шараларымен де  барлық аудандар қамтылған. Биылғы жылы Ақтау қаласынан Кәсіпкерлікті  қолдау орталығы ашылмақшы. Сондай-ақ Мұнайлы ауданында бизнес-инкубатор мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады»,-деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

Оның сөзінше, ағымдағы жылдың 2 айында 3 мың 35 адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 22,8 пайызға көп.

 

 

 

Барлық жаңалықтар