ЕРДБ Павлодар қаласына энерготиімді трамвай сатып алуға субсидия бөледі

8 Қазан, 2013 15:35
Бүгін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Еуропалық Реконструкция және Даму банкінің директоры Джанет Хэкманмен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында облыс әкімі мен ЕРДБ директоры Павлодар өңірінің экология және көлік инфраструктурасын, соның ішінде «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ модернизациялау мәселесін талқылап, аталмыш жобаны қаржыландыру туралы алдын ала келісімге келді», -делінген хабарламада.

Келісім нәтижесінде 20 заманауи жаңа энерготиімді трамвай, қолданыстағы 40 трамвайды кешенді модернизациялау мен трамвай инфраструктурасын қалпына келтіруге қол жеткізбек. ЕРДБ трамвай басқармасын модернизациялауға 2 млн теңге несие бөлмек.

«Трамвай басқармасын модернизациялау вагондардың жаңартылуына жағдай жасап, ресурсты үнемдейтін «жасыл» экономикаға өтуге сеп болады. Павлодарда шамамен 350 мың тұрғынның 20 мыңдайы трамвай қызметін қолданады. Біздің негізгі мақсатымыз –халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру», - дейді Е.Арын.

 

Барлық жаңалықтар