- Басты
- Жаңалықтар
- Сауда Арабиясының өкілдері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысады
Сауда Арабиясының өкілдері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысады
31 Наурыз, 2015 19:38
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының депутаты А.Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Абдалла әт-Түркимен кездесіп, оған алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табыс етті.
Діни форум 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтеді.
Сенатор Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі жөнінде, үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, жүздесушіні діни көшбасшылардың төртінші съезінің нәтижелері мен алдағы бесінші Съездің тақырыбы туралы хабардар етті.
Абдалла әт-Түрки Президент Н.Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгі таңдағы халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.
А.әт-Түрки Дүниежүзілік ислам лигасы алдағы V Съезд жұмысына белсенді қатысатынын айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар