- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Қостанай халқымен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Қостанай халқымен кездесті
Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабы жұмысының таныстырылымы өтті.
Сайлауалды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді: «Қостанай облысындағы сайлауалды штабымыз өз жұмысын бастады, ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді. Алдағы күндері насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде студенттермен, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырмақпыз. Өзге аймақтарда да әріптестеріміз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізумен айналысады».
Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.
«Менің ойымша, әлемдік проблемалар рейтингінде экология мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығуы керек. Экологияны жеке үйің туралы ғылым ретінде түсініп, қабылдау маңызды. Біз экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды мақсат тұтамыз. Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, қоршаған ортаға зияны жоқ аз шығынды технологиялардың көмегімен түрлендіру дамудың басты негізіне айналуы тиіс», - деп мәлім етті Ә.Құсайынов.
Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы әлемдік сарапшылар қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстар проблемасына бақылау жүргізумен айналысып жатыр. Жыл сайын жағдай нашарлап барады, егер адамзат табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертпесе, оның соңы үлкен апатқа, өркениеттің құлдырауына алып келуі мүмкін.
Сарапшылардың пікіріне сүйенген Ә.Құсайыновтың айтуынша, әсіресе, ғаламшардың 1/3 бөлігі тұратын әлемнің халқы аса көп елдерінде экологиялық жағдай мүлде мүшкіл.
«Жаһандық өнеркәсіптік жобалар табиғатқа үлкен зиян келтіруде, себебі олардың жұмысында табиғатты қорғауға негізделген өңдеу әдістері ескерілмейді. Әлемнің ірі қалаларына жүргізілген геохимиялық және эпидемиологиялық талдаулар негізінде анықталғандай, мұның бәрі жалпы ауру-сырқаудың 30-70 пайызына, онкологиялық аурулардың 40 пайызына себеп болып отыр. Әлемдік статистикаға сәйкес, туа біткен денсаулық ақауларының 17 пайызы сыртқы химиялық факторлардың жағымсыз ықпалымен байланысты. Сондықтан табиғатты қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне үлкен маңыз берілуі керек», - деді Ә.Құсайынов.
Сондай-ақ ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесті.
Ә.Құсайынов жиналған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді.
«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Бүгінде бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша 21,9 гектарға тең. Ал Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл өте күрделі мәселе», - деді Ә.Құсайынов.
Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.
«Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек, ол әр адамның, әрқайсымыздың басты міндетіміз», - деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар