- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Петропавлда «МұнайМаш» АҚ жұмысшыларымен кездесу өткізді
ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Петропавлда «МұнайМаш» АҚ жұмысшыларымен кездесу өткізді
Өз сөзінде Тұрғын Сыздықов кездесу қатысушыларын өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, ол ХІХ ғасырдағы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге негізделе отырып, қоғамдық дамудың объективті заңдарын жасай келе, адами қоғамды жаңа коммунистік формацияға көшіру қажеттігін теориялық негізде дәлелдеп бергенін атап өтті.
«Біз ғылыми коммунизм идеясын жалғастыруға қарай үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңді жолдарынан өттік.
Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны бюракратияландыруға жол бермеу, даму үрдістерін болжау, ауыспалы жағдайға дер кезінде әрекет етудің тұрақты механизмдері жұмыс істейді.
Мұның бәрі өмірдің тұрмыстық қажеттіліктерінен туындап, бұқараның шынайы шығармашылығына негізделеді», - деп көрсетілген Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсері жайында мәселе көтерілген.
«Жаһандық компьютерлендіру мен батыстық электрондық БАҚ қоғамның сана-сезімін улап, адамдардың арасына іріткі салу үшін индивидуализм принципін насихаттауда, бұл өз кезегінде ғаламшардың мәдени тұтастығының құлдырауына алып келуі мүмкін.
Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады.
Себебі, тұтыну, әлеуметтік құбылыс ретінде, көп жағдайда материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастыратын құндылықтар мен идеялар жүйесіне негізделген», - деді Тұрғын Сыздықов.
Оған қоса, кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында батыстық кинематография стандарттарының кері әсері туралы мәселелерге мән берілді.
«Кинематографияның батыстық стандарттары зорлық-зомбылыққа, азғындыққа тәрбиелейді. Осыдан барып қатыгез күштердің, жағымсыз кейіпкерлердің өз заңдарын насихаттауға жол ашылды.
Батыстық кинематография зорлық-зомбылыққа деген қызығушылықты оятып, оны, адамның сана-сезіміне жат эстетикалық нормаға айналдырды.
Батыстық мәдениеттің осынау күдікті «жетістігі» батыстық өркениеттің барлық салаларының дамуына көлеңке түсіріп отыр.
Батыстық әдебиеттің де жағдайы мәз емес. Ол әлемдік мәдениеттегі өзінің бұрынғы әлеуетінен айырылып, зорлық-зомбылық пен бұқаралық әбепсіздікті насихаттайтын кинематографияның жетегінде кетті», - деп көрсетілген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Кездесу соңында кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Сергей Мартемьянов жиын қатысушыларына жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жайында айтып берді
«Штабымыздың сенімді тұлғалары анықталды. Олар барлық ақпараттық жұмыстарды жүргізетін болады. Қолымызда жұмыс жоспары бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.
Біздің штаб БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатты, олар үшін есігіміз әркез ашық.
Кандидатымыздың қызметі мен оның сайлауалды тұғырнамасы туралы барлық қажетті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз», - деді Мартемьянов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы