- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының жобасы қаралды
Үкіметте бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының жобасы қаралды
Атап айтқанда, Үкімет мүшелері «Бизнестің жол картасы – 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының жобасын талқылады.
Ұлттық экономика министрі Е.Досаев айтып өткендей, «Бірыңғай бағдарлама жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының негізінде әзірленген. Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен жандандырылғаны да маңызды болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру 4 бағыт бойынша іске асырылады. Бұл - бизнес бастамаларды қолдау, бизнесті салалық қолдау, валюталық қауіп-қатерлерді төмендету және «бір терезе» принципі бойынша қаржылық емес шаралар мерзімін ұзарту.
«Бірыңғай бағдарлама жобасы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бар жұмыс орындарына қолдау көрсету және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған. Оны жүзеге асыру өңірлік кәсіпкерліктің құрылымдарын әртараптандыруға жаңа серпін беруге, қаржылай емес қолдау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Е.Досаев.
Сонымен бірге, отырыста АӨК-ді қаржылай сауықтыру, тұрғын үй құырылысы мәселелері қаралып, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын ұзақ мерзімді перспективада дамыту бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы