- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 17 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасуда – Сапарбаев
Астанада 17 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасуда – Сапарбаев
«Республика бойынша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі 79 пайызды құраса, ал Астанада 58 пайызға жетті.Осы проблеманы шешу үшін елорда бойынша үш балабақшаның құрылысын бастау және 11 мектепке дейінгі ұйымның құрылысын аяқтау көзделген», - деді ол.
Оның айтуынша, биылға әлеуметтік салаға 4 трлн. теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Астанада республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңыздағы 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдармен жүз пайызға қамтамасыз ету қажет.
«Қазіргі таңда елде 99 апатты жағдайдағы және 136 үшауысымды мектеп бар, орын тапшылығы 15 419 құрайды, Астана қаласы бойынша, 1- апатты жағдайдағы мектеп, 2 үшауысымды мектеп. Елордада келесі жылы Ұлттық қордың есебінен 1150 орындық екі мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған», - деді Б.Сапарбаев.
Ол атап өткендей, 2015-2020 жылдар аралығында 12 жылдық білім беруге көшу жүзеге асырылады. «Осы жылы бастауыш сыныпқа 30 мектеп базасында жаңа стандарт енгізілетін болады. Республиканың екі аймағында 10-11 мектепте апробациялау үшін қаржыландыру жүргізілетін болады», - деді ол.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді