- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда егін егілетін жерлер 24 миллион гектарды құрайды - Бәзілжанов
Қазақстанда егін егілетін жерлер 24 миллион гектарды құрайды - Бәзілжанов
«Бүгін мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің, нақтырақ айтқанда егін егілетін жерлердің құнарлылығына назар аударғым келіп отыр. Егін егетін жерлер қазір еліміз бойынша 24 миллион гектарды құрайды. Жер кодексінде жерді мәжбүрлі түрде алуды көздейтін 92-ші және 93-ші баптар бар. Кодекстің осы баптарын орындау мақсатында жерді тиімді пайдалану ережесі шықты. Онда гумус деңгейі 5 пайыздан азайып, ал азоттың жылжымалы пішіндері мен калийдің мөлшері 20 пайызға жетсе, мұндай жерлер иелерінен қайтарып алынады»,-деді Е.Бәзілжанов.
Оның сөзінше, агрохимия қызметінің зерттеулері бойынша, жергілікті атқарушы орган өкілдері егін егетін жерлердің құнарына назар аудармаған жер иеленушілерден жерлерін қайтарып алады.
«Араға 5-7 жыл салып егістік жерлер тағы да зерттелетін болады. Ол үшін Қазақстандағы Орал, Талдықорған, Шымкент, Павлодар сияқты қалаларда 4 филиал бар»,- деді Е.Бәзілжанов.
Агрохимия қызметі топырақты химиялау, жер иеленушілердің қызметін мемлекеттік реттеу арқылы агрохимиялық талдаулармен қамтамасыз ету, жердің құнарлылығына мониторинг жүргізу сияқты жұмыстармен айналысады. Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштарды пайдалану 1 гектарға 4 келіден келіп отыр және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артуда.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары