- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы мен ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің кездесуі өтті
Астанада ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы мен ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің кездесуі өтті
«Қазан айының 14-17-сі аралығында қазақстандық парламенттік делегациясының Қытай еліне сапары жоспарланған. Осы қарсаңда тараптар өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқыға салды. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті әрі үдемелі даму жолына түскендігі тілге тиек етілді», - деп хабарламада жазылған.
Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин ҚХР Төрағасының біздің елімізге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің арасында қол жеткізілген жоғары деңгейлі келісімдер екі жақты қарым-қатынастың стратегиялық көрсеткішінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.
Ал Лэ Юйчэн өз кезегінде Қазақстанның жетістіктеріне қатысты ыстық ықыласын білдірді.
«Парламентаралық өзара ынтымақтастықты дамыту жолында, заң шығармашылық жұмысында тәжірибе алмасу, яғни, маңызды бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету, салалық комитеттер арасында байланыстарды нығайту, парламентаралық ұйымдар аясындағы әріптестік басым бағыттар болып табылады»,-деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин мен Лэ Юйчэн парламент өкілдерінің байланысын алдағы уақытта да белсенді нығайтуға сенім білдіре келіп, мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің игілігі жолында қарқынды дами береді деген ортақ пікірлерін жеткізді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру