- Басты
- Жаңалықтар
- ДСӘДМ дәрігерге электронды түрде тіркелу механизмін енгізуді жоспарлауда
ДСӘДМ дәрігерге электронды түрде тіркелу механизмін енгізуді жоспарлауда
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірігіп «Тұрғындардың денсаулығын арттыруға бағытталған және әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту мәселелері бойынша меморандумдар түзді», - деді Т.Дүйсенова.
«Емханаларда кезекте тұру мәселесін шешу үшін дәрігерге жазылу үрдісін электронды түрге көшіру қарастырылуда. Ол тұтынушыны дәрігерге нақты жазылған уақытында қабылдауға шақырады, ал ақпарат телефонға қоңырау шалу немесе электронды мекен-жайға келуі мүмкін. Бұл әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді», - деді министр.
Министр атап өткендей, бұл мәселелерді шешу үшін меморандум қала әкімдігінің қаланы компютерлермен жаңғыртылуын, яғни 20 пайызға жаңаруын қарастырады.
«Сондай-ақ, меморандум аясында осы жылы 22 санитарлық автотранспорт жергілікті бюджеттен, 2016 жылы 33 бірлік республикалық бюджет қаржысына сатып алыну жоспарланған. Осы жылы медицина қызметінің тарифіне өзгерістер енеді», - деді ол.
Т.Дүйсенова атап өткендей, осы жылы Елбасы халықты жұмыспен қамту міндеті қойылған болатын.
«Жалпы, республикада осы жылы 322 мың адамды, қала бойынша 7,5 мың адамды қамту жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда ол 3 есеге көп. Ремспубликалық бюджеттен бұл мақсаттарға 600 млн теңге бөлінді», - деді Т.Дүйсенова.
Камила Амирова
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Елдегі эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны артуда, вакцина алу үшiн онлайн тіркелу -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады