• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Жас Отан» кезектен тыс III съезінде 2020 жылға дейінгі жұмыс бағдарламасын қабылдайды

«Жас Отан» кезектен тыс III съезінде 2020 жылға дейінгі жұмыс бағдарламасын қабылдайды

31 Наурыз, 2015 16:07
Сәуірдің 9-10 аралығында «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезі өтеді, онда «Жас Отан» ұйымының 2020 жылдарға дейінгі «Жастар-Отанға!» атты бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы бүгін «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов аталған бағдарламаны дайындау жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысынан соң мәлім етті.

«Биыл 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын бағдарламаны дайындау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Меніңше, біз жоспарымызды жүзеге асыра алдық. Бағдарлама жастардың тілінде жазылған, сондықтан біз оны сенімді түрде жастар дайындаған құжат деп айта аламыз. Бұл құжатты біз 9-сәуір күні өтетін кезектен тыс III съезде қабылдаймыз және біз үшін бұл өте маңызды шара. Біз бұл іске өте мұқият дайындалдық.

Біз мұнда алғаш рет өзіміздің құндылықтарымыз туралы мәлімдеме жасап, өзіміздің қайда бара жатқанымызды және жастардың басын қалай біріктіретінімізді білдіреміз. Түптеп келгенде, жастарды халықаралық деңгейде дамытудың басты индикаторлары қабылданатын болады»,- деді ол.

Оның сөзінше, бағдарламаның жобасы осыған дейін жастар арасында өткен аймақтық конференциялар мен 1 мың 700-ге жуық жастар қанатының бастауыш бөлімшелерінің жиындарына талқыланған.

«Бағдарлама біздің ұйымымыздың болашақ даму бағытын айқындайды және оның негізгі мақсаты «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру. Құжаттағы көтерілген мәселелер «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасында көрсетілген міндеттермен үндеседі»,-деді Н.Сыдықов.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар