- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін парадқа музыкалық сүйемелдеуді 250-ге жуық музыкант қамтамасыз етеді (Фото)
Астанада өтетін парадқа музыкалық сүйемелдеуді 250-ге жуық музыкант қамтамасыз етеді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, оның құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 25 әскери қызметшісі бар. ҚР ҚМ Әскери-орекстрлік қызметі орындайтын шығармалар репертуарын бекітті.
«Бізге жүктелген барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз парадқа арналған музыкалық әуендерді мұқият іріктедік. Біз орындаған шығармалар парадтың қимылын толықтырып қана қоймай, әкелеріміз, аталарымыз бен бабаларымыз сыйлаған Жеңістің рухын, мерейтойдың және ұлы ерліктің маңыздылығын көрсеткенін қалаймыз», - деп ҚР ҚМ Әскери-оркестрлік қызметінің бастығы майор Тимур Жартыбаев атап өтті.
Парадтың тарихи бөліміне қатысушылар көптеген шерулерде ел жүрегіне жол тапқан, Ұлы Жеңістің нышаны болған - «Прощание славянки», «День Победы», «Баллада о солдате», «Катюша» марштарының әуенімен адымдайды. Парадтың заманауи бөлімінде отандық сазгерлердің музыкалық композициялары шырқалады. Әскери оркестрлер - кез-келген әскери парадтың ажырамас бөлігі.
Олар ерекше салтанаттылық ахуалын қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды, әр нотасымен Отанға деген жоғарғы патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті оята отырып, парадтың жаяу және механикаландырылған лектерінің қозғалысына ырғақ пен қарқын береді. Қазіргі уақытта әскери музыканттар күні ертең басталатын бірлескен жаттығуларға кірісуге дайын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ