- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ делегациясы Аустрияда халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ делегациясы Аустрияда халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Ұлттық компания өкілдері БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінде өткен «Баршаға орнықты энергетика» бастамасын іске асыру жөніндегі Консультативті кеңес шерпа (арнайы өкілдер) кездесуіне қатысты. Консультативті кеңес алдында сөз сөйлеген В. Кобалия ЭКСПО-2017 мен БҰҰ бастамаcы арасында ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Астана ЭКСПО-2017 компаниясы мен «Баршаға орнықты энергетика» бастамасы арасында екі мекеменің ынтымақтастық бағыттарын айқындаған өзара түсіністік меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, ұлттық компания делегациясы 2015 жылы желтоқсанда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас конференциясы шеңберінде сайд-ивент (қатар шаралар) өткізу мәселесі бойынша ЮНИДО хатшылығымен, ал «Кедейлер үшін орнықты энергетика» бастамасы шеңберінде ОПЕК Халықаралық даму қорымен (ОФИД) ынтымақтастықты талқылау мақсатында ОФИД өкілдерімен кездесті.
В. Кобалия Аустрияның Федералды Ғылым, зерттеу және экономика вице-министрі Бернадетте Гирлингер және Аустрия Экономика палатасының вице-президенті Ричард Шенцпен кездесіп, көрмені өткізу үшін жасалып жатқан дайындық туралы ақпараттандырды. Аустрия өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне зор қызығушылық танытты.
Аталған сапар Венадағы БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастықтың басымды бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

