Қазақстан Иранға шығатын астық экспортын 2 есеге арттырмақ - АШМ

31 Наурыз, 2015 14:01
Қазақстан мен Иран арасында темір жолдың салынуына орай аталмыш елге астық экспортын екі есе арттыруды жоспарлануда, деді ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров.

«Қазақстанның экспорттық әлеуеті 2014-2015 жылдары 7 млн тоннаға жетеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда 4,7 млн тоннасы дайын. Бұл көбінесе дәстүрлі бағыттарда орын алады олар – Орталық Азия, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран – 2,1 млн тонна. Ресейге – 119 мың тонна, Қытай – 55 мың тонна астық экспорттайды. ЕАЭО елдері – 61 мың тонна астық және Таяу Шығыс – 17,9 мың тонна астық», - деді ол.

С.Омаров атап өткендей, көрсетілген уақыт ішінде 1,1 млн тонна жіберілсе, оның ішінде Орта Азияға – 685 мың тонна, Ауғанстанға – 385 мың тонна.

«Таяу Шығысқа жіберу әлеуетіне келетін болсақ, негізгі астық экспорты Иран болып саналады. Осы жылы темір жол құрылысымен бірге экспорт екі есеге ұлғаймақ», - деді вице-министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар