• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына техника мен егу кешені 90 пайызға дайын

Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына техника мен егу кешені 90 пайызға дайын

31 Наурыз, 2015 12:56
Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына техника мен егу кешені 90 пайызға дайын, деді ОКҚ брифингінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров.

«Ақпарат бойынша  жыл басында республикада 154 мың трактор бірлігі бар, 90 мың сепкіш, 334 мың топырақ өңдеу қондырғысы, 5 мың себуші, 3,4 мың заманауи жоғарғы өндірістік себу кешені бар», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2015 жылдың 15 наурызына сәйкес, тракторлардың дайындығы 86 пайызға, сепкіштер – 87, культиваторлар – 89 пайыз, сепкіштерді толықтыратыдар – 91 пайызға дайын болған.

С.Омаров атап өткендей, 2015 жылы егін егу науқанына 3,5 мың заманауи жоғары өндірістік кешен қатысады, ол жердің жартысынан көбін агротехникалық уақытта аяқтауға мүмкіндік береді.

«Көктемгі дала жұмыстарына техниканың дайындығы 86-93 пайызды құрады. Жалпы, республика бойынша, ауыл шаруашлығы техникасының дайындығы өткен жылдың көрсеткіші деңгейінде тұр», - деді вице-министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар