- Басты
- Жаңалықтар
- ERG Павлодар облысының әлеуметтік және экономикалық жобаларын қаржыландырады
ERG Павлодар облысының әлеуметтік және экономикалық жобаларын қаржыландырады
«ERG тобына Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін құрайтын ірі жүйеқұраушы кәсіпорындар кіреді. Биыл ізгі дәстүрді жалғастыра отырып, Еуразиялық Топ Павлодар облысы үшін маңызды экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени жобаларды қаржыландыруға 1,75 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Меморандум аясында біз білім беру мекемелеріне, әлеуметтік қамсыздандыру саласына, мәдениет объектілеріне, спорт пен елді мекендерді абаттандыруға қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Бозымбаев.
Әлеуметтік жобалар ішінде келесі маңызды ірі жобалар бар: трамвай вагондарын сатып алу, Ақсу қаласында жабық хоккей корты құрылысын жүргізу, Балалар шығармашылық үйі спорт залына күрделі жөндеу жасау, Павлодар қаласы №4 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және т.б.
Сонымен қатар облыстың білім беру және мамандандырылған балаларға арналған мекемелеріне демеушілік көрсету, ардагерлер мен аз қамтылған топтарға қолдау жасау өз жалғасын табатын болады.
Биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық оңалту орталығы, жартылай стационар бойынша әлеуметтік қызмет көрсету үшін қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек бағыттау жоспарланып отыр. Ақсу қара металлургия колледжінің материалдық-техникалық базасын жабдықтау, сондай-ақ Ақсу қаласының мәдени және ойын-сауық орталығына музыка және кино тарату жабдықтарды сатып алуда көмек көрсетілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы Меморандум аясында аталған орталыққа жаңғырту жұмыстары жүргізілген еді. Енді Ақсу қаласына қарасты кентте кинотеатр жұмысы жасайтын болады.
Сондай-ақ тұрғындарды спортпен шұғылдануға белсенді тарту мақсатында облыста спорт салаларын дамыту мен насихаттауға біршама қаражат бөлінеді.
Қаржыландыруды «ERG Көмек» КФ және «Қазақстан алюминийі» АҚ жүзеге асыратын болады.
Айта кетейік, 2014 жылғы Меморандум бойынша өңірге 2 283,26 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар