- Басты
- ІІ техникалық санаттағы жолдар тек жүк көліктеріне ғана ақылы болады – Әліпов
ІІ техникалық санаттағы жолдар тек жүк көліктеріне ғана ақылы болады – Әліпов

«І техникалық санаттағы автомобиль жолдарында автокөліктердің барлық түрінен ақы алынса, ІІ техникалық санаттағы жолдар тек жүк көліктері үшін ғана ақы болмақ», - деді ол.
Сонымен қатар, Ұ.Әліпов баяндамасында «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автожол құрылысының жобаларына кеңінен тоқталды. «Астана – Алматы» жобасы бойынша Астанадан Алматыға дейінгі бұрын болған Теміртау, Қарағанды, Балхаш және Қапшағай бағыттары арқылы жалпы ұзындығы 1 284 шақырымдық автожол құрылысы жоспарланған.
Құрылыс жұмыстары аяқталысымен, ол І техникалық санатқа жатқызылып, 4 және 6 жолақты тас жол болады. «Астана – Өскемен» жобасы бойынша, Астанадан Өскеменге, Павлодар және Семей қалалары арқылы жалпы ұзындығы 1 018 шақырым жол салынады. «Семей – Қалбатау» жолының 118 шақырым бөлігі қайта жөндеуден өтті. Бүгінгі күні, жалпы 493 шақырымды құрайтын «Астана – Павлодар (443 шақырым) және «Павлодар – Семей» (53 шақырым) аралықтарындағы 16 бөлікте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау» автомобиль жолында Атырауға дейін жол салынып, ол Ақтау мен Астраханьға шығатын болады. 1 928 шақырым жол қайта жөндеуді қажет етеді. 2014 жылы халықаралық қаржы институттарының есебінен «Бейнеу – Ақтау» жолының 200 шақырымы қайта жөндеуден өтті.
Қазіргі уақытта, ұзындығы 270 шақырым болатын 6 бөлікте жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішіндегі, 170 шақырымдық «Ақтау – Шетпе» бөлігі халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражатының есебінен жүзеге асырылуда. 2015 жылы «Ақтау – Бейнеу» бөлігі бойынша, ұзындығы 40 шақырым болатын 1 бөлікті пайдалануға беру көзделген. Қалған 230 шақырым жолды 2016 жылы аяқтау жоспарда бар.
«Алматы – Өскемен» жобасына қатысты (853ш.) Ұлан Әліпов, «Қапшағай – Талдықорған» бөлігінде ұзындығы 157 шақырым болатын 6 бөлікте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2015 жылы 47 шақырымды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 110 шақырымы 2016 жылы аяқталады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары өз сөзін қорытындылай келе, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының уақытында орындалуы - халықты жұмыспен қамтып, табыстарының артуын қамтамасыз етеді, жүк тасымалы мен көлік транзитін арттырады. Тұрғындардың еліміздің кез келген аймағына тез әрі қауіпсіз жолдармен жетуге мүмкіндік алатынын атап өтті.
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді

