• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ: 2015 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін 366 мың тонна дизельді отын қажет болады (ФОТО)

АШМ: 2015 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін 366 мың тонна дизельді отын қажет болады (ФОТО)

31 Наурыз, 2015 11:50
2015 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүрігізуге 366 мың тонна дизельді отын қажет болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров хабарлады.

«2015 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 366 мың тонна дизельді отын қажет. Жанар-жағар май бағасы ақпан мен наурыз айларына бекітіліп, тоннасына 82 мың теңгені құрады. Бұл отынның әр литріне 69 теңгеден келеді деген сөз, ал нарықтағы баға 1 литрге 99 теңгеден келеді. Түптеп келгенде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағар майдың 1 литрі 81 теңгеден айналғалы отыр», - деді вице-министр.

Бұл ретте қаңтар мен наурыз айларына 147 мың тонна дизельді отын беру жоспарланғандығын атап өту керек. Операторлар осы уақытта келген 75 мың тонна отынның ақысын төлеп, (жоспардың 51 пайызы), тасымалдаушылар 65 тонна отынды жеткізді (жоспардың 44 пайызы).   

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев

 

Барлық жаңалықтар