- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 30 томдық екі тілді терминологиялық сөздіктер топтамасының тұсаукесері өтті
Алматыда 30 томдық екі тілді терминологиялық сөздіктер топтамасының тұсаукесері өтті
ХХІ ғасыр, ғаламдану заманында, жан-жақты негізделген тіл саясаты – еліміздің орнықты дамуының басты кепілдіктерінің бірі деп батыл тұжырымдауға болады.
«Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай бай терминологиялық қорын жасаған соң, оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек» – деп, атап өтті «Қазақстан - 2050» стратегиясы Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
2012-2014 жылдары Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясы 1999-2000 жылдары жарық көрген сөздіктерді әрі қарай жетілдіру және толықтыру жұмыстарын жүргізіліп, ғылым мен техниканың, өндіріс пен мәдениеттің барлық салаларын қамтыйтын 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы әзірленді. Басты мақсат бұрын жарық көрген сөздіктер топтамасын сараптамадан өткізіп, өңдеп, әр томдағы терминдер санын 9000-ға, тіпті 11-12 мыңға дейін толықтыру болды.
Сөздіктер топтамасын «ҚАЗакпарат» баспа корпорациясы басып шығарды.
30 томдық сөздіктер топтамасын дайындауға 52 мекемеде – жоғары оқу орындарында, ғылыми–зерттеу институттарында, академияларда, министрліктер мен Парламентте, салалық мекемелерде жұмыс жасайтын 144 ғылым докторы, 120 ғылым кандидаты ат салысты. Жалпы 350-дей адам жұмыс жасады.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары барлық авторлық ұжым мүшелерімен бірлесе отырып еңбек етті.
Авторлық ұжым мүшелері өз сөздіктерін дайындап болғаннан кейін жақын салалар анықталып, топтастырылып, ортақ талқылау жұмыстары жүргізілді. Жалпы осындай отырыстарда 20000-ға жуық термин талқыланды. Әр талқылауға 20-30, кей отырыстарға 35-40 адам қатысып отырды. Осынша терминдерді талқылауға шамамен 1000-нан аса сағат, 10-11 ай уақыт жұмсалды.
Жалпы терминжасам ісі – бүкілхалыққа ортақ іс. 2012-2014 жылдары «Ана тілі» газетінің 23 санында «Терминжасам: Ұсыныс. Пікір» деген тақырыппен 2500-нан аса термин жарияланды. Сөздіктер Академия сайтына ілініп, талқылауға ұсынылған.
Сала терминологиясын қалыптастырумен шұғылданып жүрген сала мамандары мен ғалымдары, тілші ғалымдар, Республикалық терминологиялық комиссия мүшелері бірлесе отырып атқарған және жалпы жұртшылық пікірі ескеріле отырып дайындалған осындай көлемді жұмыс негізінде қазақ тілінің 250 мыңнан аса салалық ғылыми терминдер қоры жасалып, қазақ тілі терминологиясының ғылыми негізде дамып, кемелдене түсуіне нақты негіз қаланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді