- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда «Мәңгілік алау» мемориалының жөнделуі бойынша жұмыстар жүргізілді
Көкшетауда «Мәңгілік алау» мемориалының жөнделуі бойынша жұмыстар жүргізілді
Өткен жылы Көкшетау қаласының орталық бағына облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, 8 млн. теңгенің көлемінде қаражат бөлінген. Бүгінгі күні осы қаражатқа 842 бірлік ағаштар отырғызылған. Оның ішінде қайың, қарағай, терек, шырша, алма ағашы, шаған және шетен сияқты ағаш түрлері бар. Облыс әкімі бақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап айтқанда ағаштарды көптеп отырғызу қажеттігін атап өтті.
2014 жылы 122,4 млн. теңге жұмсалған Даңқ аллеясының жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қарап облыс әкімі мұнда да отырғызылған ағаштар санының аздығын атап өтіп Аллеяның эстетикалық түрін жақсартуды тапсырды.
Атап өту керек, бүгінгі күні ескі тақталар тас төсеуіштерге ауыстырылып, жарықтандыру, гүлзарларды түзеу, су жүргізу құбырының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған. Айналасына гүлзарлар құрылып, автокөлік қоятын жер бөлінген, «Мәңгілік алау» мемориалының жөнделуі бойынша жұмыстар жүргізілген. М.Ғабдуллин ескерткішін орнату бойынша жұмыстар жалғасуда. Қосымша барельефтерді, тұғырларды, гүлзарларды жөндеу жұмыстарына 18,5 млн. теңге бөлінген.
« «Зеленстрой» ЖШС-да өңір басшысы жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын бақтарды абаттандыру саласында түрлі қызметтер көрсетіп, жасыл отырғызылымдарға күтім жасау, ағаштар мен бұталар отырғызу сондай-ақ, өзінің жеке гүлдерінің екпелері мен көкөністерін жүзеге асырумен айналысады. Отырғызу материалдарын өсіру үшін мұнда жылыжайлық кешен бар, ол жерде 2600 м2 аумаққа гүл көшеттері егіледі. 2014 жылы 85 мың гүл екпесі өсірілген. 2015 жылдың ақпан айында 65 мың гүл егіліпті. Сондай-ақ, қызанақтың 15 000 түрлі сұрпы егілген. Облыс әкімі жергілікті өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мекеме басшысы облыс басшысына биыл қаланың 14 мың шаршы метр аумағын гүлзарға айналдыратынын айтты», - делінген хабарламада.
Электромееханикалық бағыттағы өнімдерді дайындайтын «Көкше» АҚ кәсіпорны да осы күні облыс әкімін өз жұмыстарының барысымен таныстырды. Мекемеде жылу энергиясының есебі торабын бекітумен, метал қондырғыар мен аудандық бу қазандықтары мен ЖЭО-лар үшін электр энергиясын есептеу құралдарын өндіруді жүзеге асырады. Бір айдың ішінде ғана кәсіпорын 38 млн теңгенің өнімін шығарған. Кәсіпорынның іс жүзіндегі өнеркәсіптік қуаттылығы тәулігіне 3,0 тонна өнімді құрайды. Нысан 160 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, олардың орташа айлық жалақылары 87 000 теңгені құрайды. Өңір басшысы С.Кулагин бұл жерде бос тұрған ғимараттарды өндіріс өнімділігі үшін пайдалану мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар айтып, бизнесті кеңейтуге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин нысандарды аралау барысында Көкшетау қаласындағы жаңа мешіттің құрылысымен танысып, бұл нысанның да Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы үшін маңыздылығын атап өтті.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған