- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов Вьетнамда Қазақстанды жаңғырту туралы баяндады
Қ.Жақыпов Вьетнамда Қазақстанды жаңғырту туралы баяндады
Қ.Жақыпов Қазақстанның заманауи дамуының ерекшеліктері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҮИИДБ және «Нұрлы жол» туралы баяндады.
«Вьетнам 2020-жылға қарай индустриалдық экономика мәртебесіне жету, өңдеу саласын жаңғырту, ғылыми қамтымды өндіріс үлесін арттыру туралы мақсат қойды. Сіздердің елдеріңіздің индустрияландыру бағыты өзінің мақсат, міндеттері бойынша «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен үндес келеді. Бұл жоспарды табысты орындау қауіп-қатерлер мен дағдарысқа қарсы тұруға ықпал етіп қана қоймай, біздің еліміздің 2050-жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мәжіліс Спикері.
Қ.Жақыповтың айтуынша, Қазақстан үшін микроэлектроникаларды, нанотехнологияларды, энергия үнемдегіштерді дайындаумен айналысатын жоғары технологиялы Сайгон саябағы айрықша қызығушылық туғызады.
Сондай-ақ, құрамында сенатор Е.Мұқаев, мәжілісмендер М.Әшімбаев, Р.Мәдинов, Ә.Бимендина, В.Киянский, Ү.Медеуов бар делегация мүшелері Вьетнамда Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты.
Аталып өтілгендей, бұл – қос мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға деген мүдделіліктің көрсеткіші, достықтың, әріптестік пен өзара сенімнің белгісі.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды