- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыстың бірінші аптасында медициналық пойыздар 3036 адамды тексеруден өткізді – ҚР ІІМ ТЖК
Жұмыстың бірінші аптасында медициналық пойыздар 3036 адамды тексеруден өткізді – ҚР ІІМ ТЖК
2015 жылғы 24-29 наурыз аралығында медициналық пойыздардың мамандары 12 стансаның халқына медициналық көмек көрсетті, 3036 адам, оның ішінде 575 бала дәрігерге қаралды. Дәрігерге келген адамдардың саны 21272-ні құрады. 12286 диагностикалық зерттеу жүргізілді, 130 шағын амбулаториялық ота жасалды. Маммологқа 395 әйел адам қаралды, 583 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді.
Жұмыс нәтижесінде пойыздар мамандары әртүрлі аурумен ауырған 2786 адамға, оның ішінде 454 балаға медициналық көмек көрсетті.
Алматы қаласынан жіберілген «Денсаулық» пойызы медициналық пойызы Алматы мен Жамбыл облыстарының 15 стансасына қызмет көрсетеді.Астана қаласынан шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды облысының 20 стансасы тұрғындарын тексеруден өткізуге жіберілді.Ақтөбе қаласынан бастау алған «Жәрдем» пойызы Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының 7 стансасы тұрғындарын қамтуды жоспарлауда.
Акцияда халыққа жан-жақты медициналық көмек көрсету көзделген. Пойыздар заманауи диагностикалық медициналық жабдықтармен жарақталған. Әр медициналық пойызда 18 мамандық бойынша жоғары және бірінші біліктілік санатындағы дәрігерлер жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап конультативті-диагностикалық пойыздар республикадағы барлық өңірдің 820 стансасына барды. Мамандар 228 899 тұрғынды тексеруден өткізді. Медициналық пойыздардың жұмысы жалғасуда.
Медициналық пойыздардың арқасында шалғайдағы стансалар мен разъездердің тұрғындары қажетті диагностикалық тексеруден өтеді, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті мамандарында емделеді.
Медициналық пойыздардың жұмысы шалғайдағы теміржол стансаларында тар шеңберде мамандандырылған медициналық көмек алу мүмкіндігі көпшіліктің көңілінен шығады, тұрғындар алғыс сөздерін білдіреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары